18 10.2018

Қазақстандық трекшілер Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама алу үшін ұпай жинайтын болады

19-қазан күні Францияда тректен Әлем Кубогінің алғашқы кезеңі басталады. Жарыс Сан-Квентин-Ан-Ивлинде 21-қазанға дейін жалғаспақ.
Әлем Кубогі сайысына Ұлттық құрамадан темпшілер Артем Захаров, Асылхан Тұрар және Никита Панасенколар, ал спринтерлерден Павел Воржев, Сергей Пономарев, Максим Налетов, Андрей Чугайлар барады.
Темпшілер топтық жарыста, скретч пен омниумда, ал спринтерлер спринтте, кейрин және командалық спринтте жүлделі орындарды иемдену үшін таласқа түсетін болады.
«Тұрар топтық жарысқа, Панасенко скретчке, ал Захаров омниум сайысына барады деп жоспарланып отыр, – деп атап өтті тректен Ұлттық құраманың бас бапкері Владимир Бушанский. Лицензияны барлық Әлем кубоктары мен биылғы жылы өтетін рейтингті жарыстар арқылы алатын боламыз. Сондықтан әрбір жарыстың біз үшін маңызы зор. Әрбір жарыс бізге барынша көп ұпай жинап, Әлем Кубоктарына сенімді қатысу үшін мүмкіндік береді. Ал Әлем Кубоктерінде Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия ұтып алуға мүмкіндік бар».
Естеріңізге сала кетсек, 2014-жылы өткен Олимпиада ойындарында Ұлттық құрама ұзақ уақытқы үзілістен кейін алғаш рет тректен өнер көрсеткен болатын. Сол кезде омниумнан Артем Захаров Рио-де-Жанейроға жолдама алған.
Спринтерлер алдында да Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алу мақсаты тұр. Қазақстандық велотрек спринтерлері де ұзақ уақыт бойы Әлемнің басты додасына қатысқан жоқ.
«Бұл Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін ұпай жинайтын алғашқы кезең, – дейді трек велоспортынан құраманың бапкері Валентин Савицкий. – Мұндай жарыстарға Әлем Кубоктерінің кезеңдерін, құрлықтық чемпионаттарды, сонымен қатар біз үшін Азия чемпионаты мен Әлем чемпионатын жатқызуға болады. Алдағы екі жылда Әлем Кубоктерінің он екі кезеңі, екі Азия чемпионаты және екі Әлем чемпионаты өтеді. Қатысушылар мықты болмақ. Менің ойымша спринттен ұпай жинау бойынша негізі шабандоздар Павел Воржев, Андрей Чугай және Сергей Пономаревтар. Ең басты ұпай жинайтындар жекелей спринт пен кейрин сайысынан деп үміттенеміз. Қазірше шабандоздардың командалық спринтке қарағанда жекелей сайыс түрлерінен жолдама иемдену мүмкіндіктері көбірек.
Халықаралық велесебедшілер одағының биылғы жылдың күнтізбесіндегі жоспары бойынша барлығы алты Әлем Кубогі – Францияда 19-21 қазан, Канадада 26-28 қазан, Германияда 30-қараша мен 2-желтоқсан аралығында, Ұлыбританияда 14-16 желтоқсан, Жаңа Зеландияда 18-20 қаңтар және Гонконгта 25-27 қаңтар аралығында өтеді.

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: