RSU «Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы» Қазақстан агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері

Logo

Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы WADA (Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі) сұранысы және бастамасымен 2013 жылы құрылды. Халықаралық құрылымның ресми аккредитациясына ие.

Орталықта WADA  допингке қарсы күрес зертханаларының жүйесіне кіретін және заманауи техникамен жабдықталған зертхана жұмыс істейді.

Әлемде жоғары деңгейдегі 32 допингке қарсы күрес зертханасы қызмет көрсетеді. Қазақстандық зертхананың жанынан WADA аккредитациясын алған Орталық Азия допингке қарсы күрес орталығы (RADOCA)  ашылды. Бұл мекеме Орталық Азияны, Иран, Пәкістан және Моңғолия елдерін қамтиды.

2014 жылы Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы мен Қазақстан велоспорт федерациясы WADA және UCI тыйым салған тізімдерге сәйкес велошабандоздардың тыйым салынған препараттарды (допинг) қолдануына бақылау жүргізу саласында әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Екі жақты жұмыстың аясында келесі шаралар атқарылады:

  • Кәсіби клубтардың қазақстандық велошабандоздарынан Қазақстан аумағында болған кезде допингке қарсы сынамалар алу.
  • Маусым бойы ұлттық құраманың барлық түрінен (шоссе, трек, маунтинбайк) және штаттағы жетекші велошабандоздардан, әртүрлі жастағы спортшылардан допингке қарсы сынамалар алу.
  • Қазақстан аумағында ұйымдастырылатын негізгі республикалық және халықаралық жарыстарда әртүрлі жас ерекшеліктеріндегі спортшылардан допингке қарсы сынама алу.
  • Велоспорт федерациясының өкілдері мен допингке қарсы күрес орталығының мамандарының қатысуымен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшілері, жаттықтырушылар және спортшыларға арналған лекциялар мен семинар өткізу.

Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығының ресми сайты: http://kaznadc.kz