Уходящий год запомнится, как один из самых выдающихся в казахстанском велоспорте за последние 10 лет. Отечественным велосипедистам удалось отметиться и на шоссе, и на треке, и в маунтинбайке.

Өткен жыл қазақстандық велоспорт үшін соңғы 10 жылдағы ең есте қалатын кезең болмақ. Отандық велосипедшілер тасжолда да, тректе де, маунтинбайкте де көзге түсті.

ТАСЖОЛ
Өткен маусымның басты оқиғасы – Евгений Федоров андерлер арасында тасжолдағы топтық жарыста әлем чемпионатында топ жарды.

«Федоров жас болғанына қарамастан, нағыз кәсіпқой, - дейді Қазақстанның велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов. – Ол табиғатынан мықты спортшы. Мен оның табиғи дарынын ұштап, нағыз кәсіпқойды тәрбиелеп, Вуллонгонгтегі әлем чемпионатына баптап әкелген құраманың бапкерлер штабының жұмысына ризамын».

1

Австралиядағы әлем біріншілігінен кейін Евгений Федоров қиыршық тастағы әлем жарыс бойынша әлем чемпионатына қатысып, элита санатында абыройлы бесінші орынды иеленді.

Әлем чемпионатындағы жетістігінен басқа, тасжолшылар Азия чемпионатында өнер көрсетті: қоржындарына 20 медаль салды, оның 7-еуі – алтын. Медаль саны бойынша бұл құраманың Азия чемпионаттары тарихындағы ең үздік нәтиже.

Отандық велоспорт тарихына өз есімін Рината Султанова да жазды. Шабандоз қыз – элитадағы әйелдер арасында Азия чемпионы атағына қол жеткізген алғашқы қазақстандық велосипедші.

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI)  рейтингісінде Азияның үздік тасжолшысы Алексей Луценко болып қала береді. Құраманың ұпай қоржынын толтыруға Almaty Cycling Team құрлықтық клубында маусымын өткізген Игорь Чжан атсалысты. 23 жастағы велосипедші Азияның үздік тасжолшыларының топ-3-тігіне кірді. Келесі жылы шабандоз Astana Qazaqstan Team негізгі құрамына қосылады.

«2023 жыл біз үшін тартысқа толы болмақ, - деді Нұрлан Смағұлов. – Тасжол құрамасы әлемдік рейтинг елдерінің топ-20-сына кіруі тиіс. Бұл бізге Париждегі Олимпиада ойындарына екі квота алуға мүмкіндік береді. Бір елден екі шабандоз – бұл максимум. Сондықтан біздің алдымыздағы мақсат – Азия ойындары мен Азия чемпионатында барымызды салу.

Сондай-ақ федерацияның алдына қойып отырған биік межесі – әйелдер арасында тасжолдағы лицензияға қол жеткізу. 2008 жылдан бері алғаш рет Олимпиадаға Рината Султанова іріктелуі мүмкін деп күтілуде. Мұнан басқа, Рината үшін тректегі лицензияға да қол жеткізуді жоспарлап отырмыз».

1

ТРЕК
Тректегі жағдай да жаман емес: Азия чемпионатында отандық шабандоз қыздар түрлі дәрежедегі 14 медальға қол жеткізді: олардың 4-еуі – алтын. Тректегі құрама сонымен қатар Түркиядағы Ислам ойындарында сөзсіз көшбасшы атанды.

«Тректегі құрамаға да қатысты үлкен жоспарларымыз бар, - дейді Нұрлан Смағұлов. – Бұған дейін айтқанымдай, 1996 жылдан бері алғаш рет Олимпиадаға бір қыздар лицензиясын иеленуді жоспарлап отырмыз. Оңай болмасы анық, алайда біз барымызды саламыз. 

Темптік бағытта ерлер арасында қатарынан екі олимпиадалық цикл бойы біз омниумда лицензия алдық. Біз қазір Парижге екі лицензиямен баруды жоспарлап отырмыз – омниум мен мэдисон.

Спринттен біз екі бағыт – кейрин мен жеке спринтте лицензия аламыз деп сеніп отырмыз. Еске сала кетсек, Токиода біздің спринтші Сергей Пономарев Қазақстан тарихында алғаш рет Олимпиадаға іріктелді. Бұл сынға төтеп беруге шамасы жететініне сенімдіміз. Федерация өз тарапынан барынша күш салады».

 

 

МАУНТИНБАЙК 
МТБ бағытындағы өткен маусым бірінші кезекте Алина Саркулованың Сунчхонда өткен Азия чемпионатындағы жетістігімен есте қалады. Шабандоз қыз элита санатында маунтинбайктан Қазақстан тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды. Жалпы алғанда, МТБ бойынша құрама Азия чемпионатында 7 медаль жеңіп алып, құрлықтық біріншіліктің ең мықты командасына айналды.

«МТБ құрамасы үшін де алдағы жыл маңызды болмақ, - дейді Нұрлан Смағұлов. – Команда спорт түрінің ерекшелігіне байланысты жиі велосипедтердің сынуына, форманы жиі ауыстыруға қатысты қиындықтарға тап болады. Маунтинбайкерлер үшін мемлекеттен қаражат алу қиынырақ. Біздің талантты спортшылар физикалық тұрғыдан тартысуға сақадай сай, тек техникалық тұрғыдан осалдықтар бар. Сол себепті де бұған дейін Қазақстанда маунтинбайктан Олимпиадаға лицензия болмаған. Бұл түйткілді шешу 2023 жылы федерация үшін басым мәселеге айналмақ». 

ӘУЕСҚОЙЛАР ЖӘНЕ БАЛАЛАР ВЕЛОСПОРТЫ
2022 жылы велосипед спортын әуесқойлар мен ардагерлер, сонымен қатар ең кішкентай – екі жастан асқан балалар арасында дамыту бойынша жұмыс жалғасты.

«Әуесқойларға қатысты федерация ескі дәстүрді жаңғыртып, жаңашылдық енгізуге тырысады, - дейді Нұрлан Смағұлов. – Мысалы, Алматыда Ғылым академиясы айналасында критериум өткіздік. Бұл жарыс бұған дейін жыл сайын өткізіліп, алматылықтардың сүйікті жарыстарының бірі болды. Осы дәстүрді әрі қарай жалғаймыз.

1

Көпкүндік жарыстар өткізуді жалғастырамыз. Әуесқойлардың қызығушылығын оятып, оларды кәсіби велоспорт әлеміне жақындату үшін жарысты екі кезеңге бөлеміз. Қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып жатыр. Бәлкім, алдағы уақытта әуесқойларға арналған жарыстар көбірек кезеңнен тұратын шығар.

Және атап өтетін аса маңызды бағыт – бұл беговелдер. Жақында ғана 2 жастан асқан балаларға арналған бір бөлімше ашылды. Әзірге Астана және Алматыда балалар мектептері бар. Бүкіл Қазақстанды қамту жоспарда бар».

ҚВСФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚВСФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры