Астанада «Сарыарқа» республикалық велотрегінде тректегі велоспорт бойынша жарыстар өтуде.

10 және 12 ақпан аралығында элита санатындағы спортшылар спринттік омниум бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында өнер көрсетті.
Ерлер арасынан Кирилл Курдиди жеңімпаз атанды, екінші орынды Сергей Пономарев иеленді, үздіктер үштігін Андрей Чугай тұйықтады.

Әйелдер арасынан спринттік омниумда Юлия Голубкова үздік атанды. Екінші орынға Полина Братчикова шықты. Үшінші орынды Вероника Мырксина иеленді.
13 және 16 ақпан аралығында тректегі велоспорт жарыстары мэдисон жарысындағы ашық қысқы ҚРЧ, скретч жарысындағы ҚР Кубогі, ұпайлар бойынша топтық жарыс және қалыс қалатын жарыс, сондай-ақ юниорлар мен юниор қыздар арасындағы темптік және спринттік республикалық жарыстармен жалғасады.
 
ҚВСФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚВСФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры