18 10.2019

Дмитрий Муравьев Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды

Қазақстан велоспорт федерациясының құрылымында  өзгерістер орын алды. Дмитрий Муравьёв ұйымның атқарушы директоры қызметіне тағайындалды.

Дмитрий Муравьёв – Әлемдік Турдың командасы «Pro Team Astana» сапында және  америкалық «RadioShack»  жобасында өнер көрсеткен

танымал кәсіби велошабандоз. Қазақстанның ұлттық құрамасында болғанда 1998-жылы Бангокта күміс жүлде, 2002-жылы Пусанда өткен Азия ойындарында қола жүлдені жеңіп алған болатын. Одан бөлек Муравьев «Тур де Франс» көпкүндігінің 4-кезеңінде жеңіске жетті. Сонымен қатар ол көптеген кәсіби веложарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Қазақстандық велошабандоз Almaty Management University түлегі, «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

 

Share:

Leave a comment

Войти с помощью: